25 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 25 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «КВИ анықталған науқастарды госпитализациялау санының өсуіне байланысты стационарлық қызметтің жұмысын ұйымдастыру туралы» сараптамалық брифинг өтеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қатысады.

10.00-де Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың онлайн режимде халыққа есеп беру кездесуі өтеді.


АЛМАТЫ

9.30-да Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік директоры Лилия Бурунчук және Орталық Азиядағы жобалар жетекшісі Уильям Зейтц «Орталық Азиядағы COVID-19: кедейлік пен әлеуметтік-экономикалық салдар» тақырыбында онлайн кездесу өткізеді.

14.00-де Zoom конференциясы арқылы қалалық қоғамдық кеңес «Іле-Алатау ұлттық паркіндегі экотуризмнің орнықты даму жобасы» атты онлайн отырыс өткізеді.



Соңғы жаңалықтар