25 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» жалықаралық ақпарат агенттігі 25 қарашада елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де «Қазмедиа орталығында» «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезі өтеді, онда Парламент Мәжілісі сайлауына арналған партиялық тізім мен партияның Сайлауалды бағдарламасы бекітіледі.

11.00-де Samruk Aqparat баспасөз орталығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жыл басынан бергі қызметінің қорытындысы туралы онлайн-брифинг өткізеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев және оның орынбасары Ерболат Ыбырайханов коммуналдық саладағы тарифтік саясат туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

13.00-де Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай – түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық онлайн-симпозиум өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастыруымен «Кітап әлемі: балалықтан – даналыққа» атты Халықаралық балалар оқуының форумы өтеді. Конференцияның онлайн көрсетілімі ZOOM.us. платформасында және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Фейсбук парақшасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР балалар спортын дамыту және оны дәріптеу әдістері туралы баспасөз конференциясы өтеді. Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Серік Маратұлы Жарасбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының директоры Тастанбек Құтжанұлы Есентаев, «Хабар» телеарнасының директоры Динара Асқарқызы Бисембина, «Мен чемпионмын» қайырымдылық қорының директоры Евгений Анатольевич Сазанов қатысады.


Соңғы жаңалықтар