247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге арналған шығыстар айқындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Медицина қызметкерлерін материалдық тұрғыда ынталандыруға арналған әлеуметтік үстемақы 2020 жылдың соңына дейін төленеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласындағы 11 міндетті айқындап берді. Біріншіден, коронавирус инфекциясының таралуына қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлерін материалдық тұрғыда ынталандыруға арналған әлеуметтік үстемақы 2020 жылдың соңына дейін төленеді. Наурыз бен шілде айы аралығында мамандарға үш тәуекел тобы бойынша ынталандыру ретінде жалпы 59,6 млрдтеңге төленді. Қосымша 150 млрд теңге бөлінеді. Тиісті есептер Қаржы министрлігіне жіберілді», - деді М. Шоранов Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде.

Екіншіден, Мемлекет басшысы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен дәрігерлердің жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңімен көтеру және 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе арттыру міндетін қойды.

«2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында осы шығыстар қарастырылған. 247 мың медицина қызметкерінің жалақысын көтеруге арналған шығыстардың жалпы сомасы 2021 жылы 222,3 млрд теңгені, 2022 жылы – 361,7 млрд теңгені, 2023 жылы 557,5 млрд теңгені құрайды», – деді ол.


Соңғы жаңалықтар