24 875 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, 294 науқастың жағдайы ауыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы сәтте елімізде 24 875 адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

18 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 875 адам короновирус инфекциясынан (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 570 пациент стационарда, 18 305 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 294 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 40 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар