24-26 қараша аралығында ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» синоптиктері 2020 жылғы 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы үш күнде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оған Солтүстік-батыс антициклоны өз әсерін тигізеді .

Скандинавия түбегінен келген циклон елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды. Соның салдарынан жауын-шашын жауады.

Кей аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді.


Соңғы жаңалықтар