+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

23 мамыр. Туған күн иелері

2020 жылғы 23 мамыр 08:10
Бөлісіңіз:
23 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

96 жыл бұрын (1924-2003) қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, тарих ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Герман Археология институтының корреспондент-мүшесі Кемал АҚЫШЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл кентінде туған. Қазақ мемлекттік университетін бітірген. 1950-1955 жылдары - Қазақ Ғылым академиясының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1955-1990 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты археология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1991 жылдан Ә.Марғұлан атындағы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болып қызмет атқарған.

К.Ақышев 1954 жылдан бастап Солтүстік, Оңтүстік және Жетісу археологиялық экспедицияларының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерін, әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам», Бесшатыр, Отырар жәдігерлерін зерттеген. Ғалым - көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Оның 220-ға жуық ғылыми еңбегі, соның ішінде 14 монографиясы бар.

«Парасат» орденімен марапатталған.

79 жыл бұрын (1941) мемлекет және қоғам қайраткері, елші-дипломат, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын бітірді. Орта мектептің ағылшын тілінің, қазақ тілінің мұғалімі. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі. Дипломаттық дәрежесі I сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл. Алматы шет тілдері педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, ағылшын тілі факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректоры, лексикология кафедрасының доценті, Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесі атқару комитеті Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімінің I санатты маманы, Алматы қалалық әкімшілігі басшылығы аппаратының бас маманы-Алматы қалалық әкімшілігінің Тусон қаласындағы (Аризона штаты, АҚШ) тұрақты өкілі, Халықаралық қатынастар және әлем тілдері Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Білім комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер бірінші вице-министрі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшісі сондай-ақ Швеция Корольдігінде, Норвегия және Ирландия Корольдіктерінде осы міндеттерді қоса атқарды, Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып қызмет істеген.

2007-2013 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі тұрақты комитет хатшысы және ЕҚЫҰ сол кездегі төрағасының Мұсылмандарды кемсіту және шеттетумен күрес жөніндегі жеке уәкілі болды.

«Құрмет» орденімен, бес медальмен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бар.

53 жыл бұрын (1967) ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қалибекұлы БАЙМҰҚАШЕВ дүниеге келді.

1994 жылдан бастап құқық қорғау органдарында жұмыс істейді. Ішкі істер органындағы жұмысын жол полициясының патрульдік қызметі батальонының инспекторы лауазымынан бастады. 1997 жылдан бастап ҚР ІІМ жол полициясы басқармасында жұмыс істеді, сонымен қатар министрліктің орталық аппаратының департаменттері мен бөлімдерін басқарды.

2009 - 2019 жылдары ҚР Премьер-министрі Кеңсесінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде алты жылға жуық қорғаныс және құқық қорғау бөлімінің бастығы болды.

2019 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың наурызынан.


43 жыл бұрын (1977) «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Бағлан Күлібайұлы ҚҰЛТАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясын (1998); Алматы Орта Азия университетін (2001); Жамбыл облысы ІІБ жанындағы бастапқы дайындық мектебін (2018) бітірген.

Еңбек жолы: «Жамбыл облысы әкімдігінің жанындағы әйелдер мен балалардың құқықтарын зорлық-зомбылықтан қорғау» ММ-де (2001); Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының қызметкері; жетекші маман, бас маман, кредиттік құжаттама бөлімінің бастығы, кепілмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, кредиттік құжаттама бөлімінің бастығы, Корпоративтік сату департаментінің аймақтық үйлестірушісі, «АТФ Банк» АҚ Астана қаласындағы филиалының директоры; «БанкЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ әкімшілік ету және мониторинг жөніндегі басқарушы директоры (2019-2020).

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың наурыз айынан бастап.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT