+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

23 қыркүйек. Туған күн иелері

2019 жылғы 23 қыркүйек 08:08
Бөлісіңіз:
23 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 23 қыркүйек күні, тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


58 жыл бұрын
(1961) хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Мұхтарұлы АРЫН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері, 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап «Privateclinic Almaty» көпбейімді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары болып істейді. Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


43 жыл
бұрын (1976) ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі Өкілдігі жетекшісінің орынбасары Ескендір Көпбосынұлы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысындағы Қапшағай қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, заңгер. 1997 жылдан ҚР Жоғарғы сотында қаржы-шаруашылық бөлімінің аға маманы, іс жүргізу және бақылау бөлімінің референті, сот алқасының консультанты, қылмыстық істер жөніндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2001 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты. 2003 жылдан - ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігінің бас сарапшысы. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы соты аппаратының кадрлар жұмысы басқармасының бастығы, кадрлар және мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылдан - Ақтөбе облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2006 жылғы қарашадан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бері.


42 жыл
бұрын (1977) - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Шариұлы МАМАЕВ дүниеге келді

Жамбыл облысында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: «SBT» ЖШС бухгалтері (1999-2000); Жамбыл облысы бойынша салық комитетінің маманы, бөлім бастығы (2000-2003); бөлім бастығы, басқарма басшысы, Жамбыл облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (2003-2006); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Ірі салық төлеушілерді басқару және мониторинг бөлімінің бастығы (2006-2008); Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бастығы (05.2008-03.2012); Қарағанды ​​облысы бойынша салық департаментінің бастығы (07.03.2012 - 2014.); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастығы (11.2014 - 05.2017);
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры (2017-05.2019). Қазіргі қызметінде - 2019 жылдың мамыр айына бері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT