23 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 23 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1954-1995) белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу жетінші даң иегері, Қазақстан Республикасы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы МҰСТАФА Өзтүрік дүниеге келді.

Ыстанбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы эксперименталды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп, корейдің көне спорт өнері таэквондоны үйренді.

Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Ыстанбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты.

2000 жылы Алматы қаласында Мұстафа Өзтүрік атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Мұстафа Өзтүріктің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданының Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.

66 жыл бұрын (1954) кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі Талғат Досымғалиұлы ТЕМЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін, Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын бітірген.

Талдықорған облыстық драма театры труппасының актері, «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші, кинорежиссері, қоюшы кинорежиссері, «Мосфильм» студиясының кинорежиссері қызметтерін атқарған.

1994-2000 жылдары - Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры.

2000-2004 жылдары - «Қазақфильм» кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры.

2014 жылдан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі.

Алғаш қойған «Адамдар арасындағы бөлтірік» атты толық метражды көркем фильмі Франкфурт қаласында өткен 15-Халыкаралық кинофестивальдың Гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Оның өзі жазған сценарийі бойынша қойған көркем фильмдері қатарында «Шаңырақ», «Қайдасың сен, Чапай?», «Торо», «Адамдар арасыңдағы бөлтірік», «Қызғыш құс», «Махаббат бекеті». «Алма бағы», «Көгілдір такси» (С.Сматаевпен бірігіп) пьесалар жазған.

Тарихи тақырыпқа қойылған «Көшпенділер» фильміне режиссер ретінде қатысқан. «Қайырлы таң» және «Гүлназ», «Ой жасын» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

62 жыл бұрын (1958) «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті Зиятдин Исмиханұлы ҚАСАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. 1981-1995 жылдары - ҚазКСР мелиорация және су шаруашылығы министрлігі жүйесінде әртүрлі қызметтер атқарды.

1992 жылдан шетелдік капиталды тарта отырып, бірқатар ірі кәсіпорындар құрды. Өткен кезеңде ол «Kassanov Investment Group» брендімен әртүрлі салада 70-тен астам серпінді дамып отырған кәсіпорындарды біріктірді.

1999 жылдан «Ахыска» түрік этномәдени орталығының президенті.

«Құрмет» (2004) орденімен, 2005 жылы Еуропа жаратылыстану ғылымы академиясының «Алтын қыран» орденімен марапатталды, оған Еуропалық «Күн адамы» университетінің құрметті атағы берілген.

2006 жылы Түркияның «Түркі әлемінде халықаралық байланысты дамытуға, нығайтуға және сақтауға қосқан үлесі үшін сыйлығы берілді.

59 жыл бұрын (1962) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Борисович БАСИН дүниеге келді.

Семей қаласында туған. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын «Тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру» мамандығы бойынша, 1990 жылы Томск автоматтандырылған басқару жүйелері және радиоэлектроника институтын «Өнеркәсіптік электроника» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1986-1995 жылдары – металлургия комбинатында электромонтер.

1995-2003 жылдары – комбинаттың аглофабрика электр жабдығы бойынша цех бастығының орынбасары. 2003-2011 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі.

2011-2013 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі директоры.

2013 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жөндеу жөніндегі атқарушы директорының орынбасары болды.

2017-2021 жылдары – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың шілде айынан бастап.

43 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерғали Қуандықұлы ЕГЕМБЕРДІ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Дипломатиялық академияны бітірген. Саясаттану ғылымының кандидаты.

1998-2000 жылдар аралығында – Астана қаласы Қаржы басқармасының заңгері. 2000-2001 жылдар аралығында – Астана қаласы әкімдігі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы.

2001-2002 жылдар аралығында – «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағы Бас дирекциясының мониторинг есебі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Астана қаласы әкімдігінің Сауда басқармасы бастығының орынбасары.

2002-2003 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің Бухгалтерлік есеп, ұйымдастыру және құқықтық жұмыс басқармасы Заң және кадр жұмысы бөлімінің бастығы.

2004 жылы – Астана қаласы Тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары. 2004-2006 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жылдар аралығында – Қарағанды облысы Біржолғы талондар беру басқармасының бастығы. 2007-2008 жылдар аралығында – Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары.

2008-2009 жылдар аралығында – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі. 2009-2010 жылдар аралығында – Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы.

2010-2012 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ұйымдастыру жұмысы және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы. 2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының басшысы.

2012 жылдан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары болған.

2017-2018 жылдары – Астана қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 2018-2019 жылдары – ҚР Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2019 жылдың ақпан-наурыз айларында – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2019-2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазанынан.


Соңғы жаңалықтар