22 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде вегетациялық кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалану, ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасы қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ресейлік «Спутник V» вакцинасының сапасын зерттеп, тіркеу үшін тәжірибелік өндіріс басталған «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС аумағында баспасөз-туры өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындау туралы баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері:

АЛМАТЫ

15.00-де «Тұран» университетінің Мәжіліс залында және Zoom конференциясы арқылы Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.


Соңғы жаңалықтар