+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

22 жастағы шетелдік азаматтың көлігінен қылмысқа қатысы бар қару табылды

2020 жылғы 27 қазан 09:36
Бөлісіңіз:
22 жастағы шетелдік азаматтың көлігінен қылмысқа қатысы бар қару табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында шетелдіктің көлігінен қылмыстық іздеуде жүрген қару табылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының тұрғыны шетелдік 22 азаматты алдаған Қазақстанда бір аптада 3387 қылмыс тіркелген БҚО полицейлері жоғалып кеткен 26 жылқыны тауып, иелеріне қайтарды

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Талас аудандық полиция бөлімінің лицензиялау-рұқсат беру қызметінің қызметкерлері ЖП ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобымен бірлесіп, Талас ауданы Ақкөл ауылдық округінің «Тараз-Ақкөл-Тоғызкент» автожолында 22 жастағы ер адамның басқаруындағы «Toyota Prado» автокөлігін тоқтатты. Автокөлік құралын тексеру барысында артқы жолаушылар орындығында оптикалық көздегіші мен патрондары бар аңшылық шолақ мылтық табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

« Алдын ала тексеру барысында бұл қару Алматы қаласында Алмалы ауданында 2016 жылдан бері қылмыстық іздеу санатында тұрғаны анықталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚКнің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баллистикалық сараптама тағайындалды»,-делінген хабарламада
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT