+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

22 жастағы қарағандылық Telegtam арқылы есірткі сатушы болып орналасқан

2021 жылғы 11 сәуір 16:14
Бөлісіңіз:
22 жастағы қарағандылық Telegtam арқылы есірткі сатушы болып орналасқан

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының 22 жастағы тұрғыны есірткіні жарнамалағаны үшін 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Тәртіп сақшылары жігітті ұстаған кезде одан 4 кг синтетикалық есірткі тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында автобус жолаушысынан 300 доза героин табылды Арнайы операция: ШҚО-да есірткі саудалаған қылмыстық топтың 7 мүшесі ұсталды 26 жастағы тараздық бойжеткеннен синтетикалық есірткі табылды

Теміртау қаласы полиция басқармасының тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі және 299-1-баптары бойынша 22 жастағы теміртаулық тұрғынға қатысты есірткі құралдарын сату жөніндегі сайтты насихаттағаны және жарнамалағаны үшін іс жүргізіп, сотқа жолдады.

2020 жылдың желтоқсан айында Теміртау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерін патрульдеу кезінде 22 жастағы жігітті тоқтатып, онда өзімен бірге жалпы салмағы 4,309 грамм PvP синтетикалық есірткісі бар 10 полимерлік түйіншек болғанын анықтаған. Айта кету керек, бұл аса ірі мөлшер болып табылады.

«Бұрын сотталмаған жас жігіт, жұмысы бар, жуырда сәбилі болған. Тез және оңай ақша табуды шешіп, Telegram мессенджері арқылы есірткіні белгіленген жерге жасырушы болып орналасқан. Ол үшін алдымен, қала ғимараттарының сыртына осы дүкеннің жарнамасы бар он граффити сурет салуы керек болған. Бұл жұмысты атқарғаннан кейін шартта белгіленген қосымшаны жүктеп алып, аккаунтты тіркеген. Психоактивті заттарды сататын интернет-дүкеннің кураторының талабын орындап, одан байланыссыз жолмен есірткіні алған. Кейін оларды белгіленген жерге жасыру арқылы сатуы тиіс болды. Алайда, қажетті ақшаға қолы жетпестен, ер адам жұмысынан және отбасынан айырылды. Оған 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT