22 наурызға дейін Нұр-Сұлтаннан шығып үлгермеген адамдар не істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде аурудың бар-жоғын анықтайтын медициналық құрылғыларды сатып алуға дайын меценаттар бар. Бұл турпалы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингіде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22 наурызға дейін Нұр-Сұлтан қаласынан шығып үлгермегендер карантин уақыты аяқталғанын күтеді. Бұл – ҚР Президенті жанынан құрылған мемлекеттік комиссияның шешімі. Бұл туралы хаттамада анық жазылған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, ол коронавирус бар-жоғын тексертіп алғысы келетін адамдар не істеуі керектігін айтты.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған-жұқтырмағанын анықтағысы келетін адамдар үшін шағын орталық ашқысы келеді. Бұл оңай процесс емес, сол себепті бірден болмайды. Бізде аурудың бар-жоғын анықтайтын медициналық құрылғыларды сатып алуға дайын меценаттар бар. Бұған кешенді түрде келу керек. Оның механизмі қалай болады, қай жерлерге орналастырылады және осыған қатысты басқа да сұрақтар бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге бұл сұрақтың жауабы жоқ, бірақ жақын арада шешіледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар