22 наурызда 800-ден астам отандасымыз елге оралды - СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 800-ден астам отандасымыз Наурыз мейрамына шет елдерден үйлеріне ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

22 наурызда ҚР Мысырдағы Елшілігінің дипломаттары қазақстандық туристерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуға қолғабыс көрсетті.

«Біздің туристер үшін Scat әуекомпаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия қалаларында уақытша болған азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды. Сондай-ақ бүгін Түркияда қазақстандық дипломаттар ҚР 536 азаматын елге жіберуге көмек көрсетті. Олар Ыстамбұл әуежайының транзиттік аймағында жиналған отандастарымызды жөнелту жөнінде айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өту керек» делінген хабарламада.

Бүгін тағы ҚР 32 азаматы Мажарстан (31) мен Омандағы (1) дипломаттардың қолдауымен елге қайтқан.

Жалпы, 22 наурызда 803 отандасымыз Қазақстанға оралды.




Соңғы жаңалықтар