22 мың қазақстандық қайтарымсыз мемлекеттік грант алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек» бағдарламасының аясында 22,8 мың қазақстандық қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың 10 айында «Еңбек» бағдарламасына 584 мыңнан астам адам қатысқан.

«1 қарашадағы жағдай бойынша 584 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты. Оларға көмектесу барысныда 689,2 мың шара қабылданды. Нәтижесінде 434,3 мың адам жұмысқа орналасып, 315,3 мыңы тұрақты жұмыс тапты.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 16,9 мың адам қысқа мерзімді курстарға, 15 мың адам қайта оқытуға жіберілді. 8 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңіл несие алса, 22,8 мың адам қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, 172,8 мың адам еңбекақының бір бөлігі субсидияланатын жұмысқа тұрған. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,9 мың адам; жастар практикасына – 25,4 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 129,5 мың адам тартылған.

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 814 отбасы немесе 6 102 адам жұмыс күші тапшы елді мекендерге қоныс аударды. Оның ішінде 2 610 адам еңбекке қабілетті жаста», - делінген министрліктің дерегінде.


Соңғы жаңалықтар