22 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 22 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

54 жыл бұрын (1968) Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амангелді Хайрамұхаммедұлы ХАЛМҰРАДОВ дүниеге келді.

1995 жылы - Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін, 2003 жылы - Казақ мемлекеттік заң академиясын, 2015 жылы Алматы менеджмент университетінің Мемлекеттік қоғамдық саясат мектебін тәмамдады, «МВI» біліктілік магистрі ғылыми дәрежесінің иегері. 1990 жылы ішкі істер органдарындағы еңбек жолын Маңғыстау облысы ІІБ шаруашылық бөлімінде - қатардағы полицей, 3-санатты жүргізуші жұмысын атқарудан бастады. 1993-1995 жылдар аралығында Маңғыстау облысы Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция, Маңғыстау облысы ІІБ шаруашылық бөлімінің аға инженер-инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды. 1996-1999 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасының шаруашылық бөлімінің автокөлік қызметінің бастығы, ІІБ шаруашылық бөлімінің бастығының орынбасары болды. 1999-2000 жылдары ІІБ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі қызметін, 2000-2006 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер басқармасы Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2006-2012 жылдары Маңғыстау облысы ІІД Тылдық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары, әрі аталған басқарманың бастығы, Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарып келді. 2016-2017 жылдары Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің басшысы, Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, 2018 жылы Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы болды. 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарған. Маңғыстау облысы бойынша Панкратион Федерациясының Құрметті Президенті.


Соңғы жаңалықтар