+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

22 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 22 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
22 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2020 жылғы 22 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық биологиялық әралуандық күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан бұл күн алғаш рет 1995 жылы арнайы резолюциямен белгіленген. Бастапқыда бұл атаулы күн 29 желтоқсанда атап өтілетін. 2001 жылдың ақпан айындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес, 22 мамыр Халықаралық биологиялық әралуандық күні деп жарияланды.

Қазақстанның экологиялық жүйесі бірегей биологиялық әралуандығымен ерекшеленеді. Жалпы Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның 2 мыңнан астамы балдырлар, 5 мыңға жуығы саңырауқұлақтар, 600-ге жуығы қыналар, 500-ге жуығы мүк тәрізділер және 6 мыңнан астамы жоғары сатыдағы түтікті өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерін қоспағанда, 6 мыңнан астам түрден тұрады. Оның ішінде 730 түрі тек Қазақстанда өсетін - эндемиктер. Қазақстан жануарларға да өте бай. Сүтқоректінің 180, құстың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104-ке жуық түрі мекен етеді. Ал омыртқасыз жәндіктер, шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі 30 мыңнан асады.

Қазақстанның биологиялық әралуандылығын сақтау мақсатында 1994 жылы Биологиялық әралуандық жөніндегі конвенция бекітіліп, биологиялық әралуандылық балансын пайдалану және сақтау жөніндегі іс-әрекеттер жоспары мен ұлттық стратегия жасалды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы UNESCO (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) құрамына 164-і мемлекет болып кірді.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктерімен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында Әбу-Даби қаласында Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылды.

2012 жылы Нью-Йорктың орталық көшелерінде түркі халықтарының жыл сайынғы шеруі өтті. Қазақстандықтар бұл шараға алғаш рет қатысты. Шеру оның қатысушылары - туыстас халықтар өкілдеріне өздерінің Туларын ұстап өтіп, ұлттық киімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғалымдарға арналған әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындады. Ол жыл сайын 7 аталым бойынша тапсырылады.

2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылды. Оның негізгі қызметі - өзіне меншікті және сенімді басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялық пакеттерін (қатысу үлестерін) қадағалау.

2014 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ТМД-ның 8 елі арасында өнертабыстар бойынша үздік жоғары оқу орны деп танылды. Еуразиялық Кеңестің шешімімен ЖОО ректоры Ақылбек Күрішбаевқа алтын медаль табыс етілді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ - Еуразия патенттеу ұйымының В.И. Блинников атындағы «Өнертабыстар және патенттеу ісіне қосқан үлесі үшін» Алтын медалін алған Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны.

2014 жылы Қазақстан Республикасы тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының төрағасы болып сайланды. Азия-Тынық мұхиты форумы даму мәселелері бойынша өңірлік диалогқа жәрдемдесу мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия мен Тынық мұхиты елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) қолдауымен өткізіледі.

2017 жылы Қазақстан құрамасы алғаш рет садақ атудан Әлем Кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Денис Ганькин, Санжар Мұсаев және Ойбек Саидиев Шанхайдағы садақ атудан «World Cup» сайысының жеңімпаздары атанды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT