22 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2021» I Халықаралық мамандандырылған көрмесі офлайн форматта өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді.

10.00-де «Астана РЭК» АҚ ғимаратында инвестициялық бағдарламалардың орындалу барысын көрсету мақсатында баспасөз туры өтеді.

10.00-де «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/KazEngeneering) басқарма төрағасы Мұхтар Керейбаевпен тікелей эфир өтеді. Онлайн-конференция барысында Қазақстан Республикасы халқының алдында «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясының қызметі туралы есеп ұсынылады.

11.00-де Елбасы кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚР ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

12.00-де «Жетісу» саябағында Қазақ халқының ұлттық құндылығы мен мәдениетін дәріптеу жөніндегі «JAS NOMAD» жобасының ашылу салтанаты өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Амантай Шәріп, «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі өрт қауіпсіздігі. Қазіргі ахуал» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма бастығының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев; ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

15.00-де The St. Regis Astana қонақүйінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының бес жылдық жұмысын қорытындылайды және жоба түлектерінің қатысуымен онлайн-форум өткізеді.

15.00-де Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхананың М. Жолдасбеков атындағы Оқу залында Үзбен Құрманбайұлының «Мейірім пәлсапасы» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараны Мәдениет және спорт министрлігі «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырады.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

17.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде профессорлар аллеясына қарағай отырғызу рәсімі өтеді.


Соңғы жаңалықтар