20:33, 21 Қазан 2020 | GMT +6
22 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі бейсенбі күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы өтеді. Отырыс палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік тілді дамытуға арналған «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты республикалық форумы өтеді. Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, филология мен лингвистика саласының сарапшылары, тіл жанашырлары, ҚХА мүшелері мен жастар ұйымдары қатысады.
11.00-де Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Қой саууға арналған жылжымалы кешен жүйесін табыстайды.