22 қаңтар күні Қазақстанда болатын маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 22 қаңтар күні болатын маңызды шаралар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшелерінің «СК-Фармация» ЖШС басшылығымен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жұмыс істейтін бірыңғай дистрибьютор ретіндегі жұмысының тиімділігі туралы отырысы өтеді.

10.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мәжіліс залында «Агробизнесті дамытудың қазіргі мемлекеттік бағдарламасын сынға аламыз ба немесе оны жүзеге асырушылармен ынтымақтастық жасайсыз ба?» іскерлік кеңесі өтеді.

11.00-де «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры М.Кортюмнің қатысуымен күрделі жөндеуден өткен вагондардың таныстырылымы өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимаратында агенттіктің республикалық және өңірлік ақпараттық-ағартушылық штабтарының қызметі бойынша кеңес өтеді.

15.00-де «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді. Тақырыбы: «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру кезінде орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар».

16.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетімен бірлескен кеңесі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Алматыдағы Таэквондо федерациясы (WT) қоғамдық бірлестігінің президенті лауазымына сайлау процесіне байланысты орын алған жағдайға байланысты баспасөз конференциясы өтеді.

11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Есболған Жайсанбаевтың 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.

11.00-де «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалында 2019 жылдың қорытындысы туралы брифинг өтеді. Тақырыбы: Жыл қорытындысы және осы саладағы жұмыс - «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласындағы филиалын цифрландыру.

16.00-де Novotel Almaty City Center қонақ үйінде Орталық Азиядағы авиакомпаниялардың бірінші жетекшілері, IATA және IOSA мүшелерінің дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтеді. Дөңгелек үстел аймақтағы авиация саласының экономикалық перспективаларын шолуға, сондай-ақ Еуропалық Одақтың әуе қозғалысы стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежай салығы және API-PNR (жолаушыларға арналған алдын-ала деректер (API) және жолаушыларды брондау (PNR) деректері) сияқты бірқатар мәселелерді талқылауға арналады.


Соңғы жаңалықтар