21 жастағы талдықорғандық көшеде зейнеткерді соққыға жықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында 63 жастағы зейнеткерді соққыға жыққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» кезекші пультіне белгісіз адамдар қарт адамға дене күшін қолданып жатқаны туралы қоңырау түскен. Тәртіп сақшылар аз уақыт ішінде қылмыс жасалған жердің маңынан алкогольді масаң күйде 21 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Анықталғандай, 21 жастағы азамат көшеде қыдырып жүріп, егде адамды көріп, соққыға жыққан. Бірақ не себепті ұрғаны белгісіз. Ол қылмысын мойындау туралы хат жазуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері сотқа дейінгі тергеуден кейін процессуалдық шешім қабылдауға жіберіледі. Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар