21 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 тамыз күні елордада өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Назарбаев орталығында «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

10.00-де «Зүбаржат орамы» бизнес орталығында Қазақстан жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарының алғашқы көрме-форумы – «ALTYN OIMAQ» бағдарламасының таныстырылымы өтеді.

11.00-де «Журналистер үйінде» «Республикалық референдум өткізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде Орталық Азия мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен «C5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу өтеді. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Сыртқы істер министрлері мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары қатысады.

14.00-де «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде Жастар ұйымдарының нетворкингі және тәжірибе алмасуы жобасы аясында қазақстандық-америкалық жастар форумы өтеді. Шарада Америка Құрама Штаттарының жастар ұйымдарының өкілдері қазақстандық жастармен тәжірибе алмасуы жайлы кездесулер өтеді.

15.00-де «Транспорт Тауэр» ғимаратында көмір өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Кеншілер күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтеді.

15.00-де «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының қатысуымен Жолаушылар, қол жүктері, жүктер, мен пошта жөнелтімдері туралы ережеге өзгерістер енгізу жөнінде брифинг өтеді.

16.00-де «Берекелі баспана» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында елорда әкімінің қатысуымен «Көпбалалы отбасы» санатындаи кезекте тұрған 150 отбасыға, «Халықтың әлеуметтік аз қамптылған бөлігі» санатындағы 148 отбасыға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер кілті табысталады.

19.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында «Nur-Sultan Music Awards» Халықаралық музыка фестивалі өтеді.

Соңғы жаңалықтар