21 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 21 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

56 жыл бұрын (1966) Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бектайұлы ӘБСАТТАРОВ дүниеге келді.

Жезқазған қаласында туған. 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1998 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Мәскеу қаласындағы «МИСиС» ұлттық зерттеу техникалық университетін бітірген. Еңбек жолы: 1998-2003 жылдары – Жезқазған облысы әкімінің аппаратында автокөлік саласының өндірістік кәсіпорындарында жұмыс істеді; Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметкері. 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бөлім басшысы. 2006-2010 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ атқарушы директоры, бас әкімшілік директоры. 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің вице-министрі. 2013 жылдың наурыз-қазан айларында – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы. 2013-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2015 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды. 2015-2018 жылдары – бизнесті қамтамасыз ету бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бас директоры - Басқарма мүшесі. 2018-2019 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2019-2020 жылдары – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1968) Ұлттық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу офисінің басшысы Арман Қайратұлы ЕВНИЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1990 жылы – Омбы ауыл шаруашылығы институтын (агрономия) бітірген. 2001 жылы – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген (мемлекеттік басқару). 2002 жылы – Қарағанды институтын бітірген. Еңбек жолы: 1985-1990 жылдары – кеңшар жұмыскері. 1990-1994 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының «Степной» совхозының агрономы, бас агроном. 1994-1999 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу ауданының XXV Партсъезд атындағы ауылдың агрономы, «Новоузенское» ЖШС директоры. 1999-2000 жылдары – Солтүстік-Қазақстан облысының Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы. 2001-2002 жылдары – ҚР Парламенті мәжілісінің аппарат секторының кеңесшісі, меңгерушісі, ҚР Парламенті мәжілісінің аппаратында өңірлік даму және экономикалық реформалар жөніндегі комитеті бөлімінің меңгерушісі. 2002-2005 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі. 2006-2007 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары – «Оңтүстік» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары. 2008-2010 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі. 2011 жылы – «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның АӨК іскерлік кеңесінің төрағасы, 2013-2016 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы. 2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 2018 жылдың қаңтары 2019 жылдың наурызы – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті дамыту орталығының басшысы.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

51 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы Асан Қайроллаұлы ЕСКЕНДІРОВ дүниеге келді.

Көкшетау қаласында туған. 1996 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығымен тәмамдаған. Еңбек жолы: Көкшетау облысы Ішкі істер бөлімі басқармасының сарапшысы (1991-1994), Көкшетау облысы әділет басқармасының консультанты, жетекші маманы, бас маманы (1994-1996), Көкшетау қаласы сотының судьясы (1996-1998), Астана қаласы Алматы ауданының судьясы (1998-1999), Ақмола облыстық сотының судьясы (1999-2002), Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы (2002-2008), Павлодар облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы (2008-2012), Ақмола облыстық соты азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы (2012-2015).

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының бас көлік прокуроры Ернат Мұхаметқалиұлы СЫБАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Ол еңбек жолын прокурордың көмекшісі лауазымынан бастаған. Кейіннен Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы Түрксіб және Медеу ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Еңбекшіқазақ, Алмалы және Медеу ауданы прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарды. 2017-2019 жылдары Атырау облысы прокуратурасын басқарып келген.

2019 жылдың сәуірінен бері қазіргі қызметінде.


Соңғы жаңалықтар