+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

21 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 21 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
21 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарға 2020 жылғы 21 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкілдүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні

2001 жылы UNESCO ұйымы Мәдени әралуандылық жөніндегі Баршаға ортақ декларация қабылданды. Ал бір жылдан кейін БҰҰ Бас ассамблеясы Бүкілдүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күнін жариялады. Бұл датаның басты мақсаты - адамдарға өз елінің ғана емес, өзге де халықтардың ұлттық мәдениеті қаншалықты әр алуан екенін түсінуге мүмкіндік беру. Осы арқылы салт-дәстүрлермен және ұлттық мұралармен алмасудың маңыздылығын түсіну.

Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бастапқыда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні 1998 жылы бекітіліп, қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. Бірақ 2013 жылы осы күнді 21 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл күн Президент жарлығына сәйкес мерекеленеді. Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері атап өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1940 жылы Қазақстанда Геологиялық зерттеулер институты құрылды. Қазіргі күні институт осы мекеменің негізін қалаған қазақтың әйгілі ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен аталады.

1999 жылы қазақ ақыны Мұхтар Шахановқа халықаралық «Руханият» сыйлығы берілді.

1999 жылы Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу жұмыстары басталды.

2010 жылы ұлттық авторлар кітаптарын насихаттау және оқырмандарды тарту мақсатында «Бір ел - бір кітап» жобасының аясында Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы таңдалды.

2012 жылы Өзбекстанның Науаи облысы Нұрата елді мекенінде Әйтеке би кесенесі ашылды. Бұл кесене туыс әрі көрші екі халық – қазақ пен өзбек ұлтының бауырлас, достық ниетін аңғартатын тату қатынасының белгісі болып танылды.

2013 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға қол қойды. Заң жеке өмірге араласпауды, жеке және отбасылық құпияны қорғауды қамтамасыз етуге, осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған.

2014 жылы Орыс тілі мен мәдениетін дамытуға, сондай-ақ шетелде отандастарды шоғырландыру ісіне қосқан зор үлесі үшін «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Ресей Федерациясы Үкіметінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапаттау рәсімі Шанхайда орыс тілді баспасөздің XVI дүниежүзілік конгресі аясында өтті.

2017 жылы «Барыс Аренада» Қазақстан хоккей тарихы залы ашылды. Онда Торонтодан алғаш рет әкелінген бірегей хоккей экспонаттары, соның ішінде 1987 жылғы Канада кубогы да бар.

2018 жылы РФ Мемлекеттік Думасында Қазақстанмен дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25 жылдығына арналған «Қазақстан және Ресей - ғасырға жалғасқан достық!» атты көрме өтті. Көрмеге екі мемлекет тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап қатынастардың қалыптасу тарихын бейнелейтін бірегей фотосуреттер қойылды.

2019 жылы Marche du Film атты Канн фестивалінде Almaty Film Festival және Almaty Film Commission стенді ұсынылған. Оның жұмысы аясында қонақтар виртуалдық шынайылық көзілдірігімен Алматы және Алматы облысының барлық көрнекті жерлерін көріп, Қазақстан табиғатының сұлулығын тамашалады.

Marche du Film – әлемдік киноиндустрия саласындағы мамандардың ең ірі іскерлік халықаралық жиналысы. Оған жыл сайын бір уақытта шамамен 110 елден 15 мың қатысушы жиналады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT