18:20, 20 Қазан 2020 | GMT +6
21 қазанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі сәрсенбі күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
Сағат 10.00-де ҚР Парламенінде Мәжілістің жалпы отырысы өтеді.
Сағат 16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанда карантиндік шараларды күшейту және коронавирустың екінші толқынының алдын алу» туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова қатысады.