21 қазан. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 21 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1935-2012) Кеңес үкіметі және қазақтың ірі ғылыми қызметкері, Мұнай және газ геологиясы ғылымның көрнекті қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ВОЦАЛЕВСКИЙ Эдгард Славомирович дүниеге келген.

Грозный мұнай институтын бітірген (1959ж.). Еңбек жолы: Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты, ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары (1959–1978), Қазақстанның ең ірі мұнай барлау мекемелерінің – «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының, «Қазмұнайгазгеология», «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестіктерінің, «Каспийгеология» басқармасының бас геологы (1978–1991ж.), 1991 жылдан Қазақстан Ғылыми Академиясының Геология ғылымдар институтының бас ғылым қызметкері болды. Оның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның мұнай және газ қорларын болжауға, іздеуге, барлауға арналған. В. Қаламқас (1985ж.), Забурунье (1987ж.), Қарашығанақ (1989ж.) мұнай-газ кен орындарын ашқан. КСРО Мемлекеттік сыйл. лауреаты (1982ж.). Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.[1] 1959 жылдан - ҚазҒЗГБИ аға лаборанты, ғылыми қызметкері, Мұнай мен газ қорларын есепке алу, мұнай мен газ кен орындарын іздеу және барлау, Батыс Қазақстанның шөгінді алаптарының мұнайгаздылығын болжау зертханаларының меңгерушісі, Институт директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (Гурьев). 1978 жылдан - «Қазмұнайгазгеология»,«Гурьевмұнайгазгеология», «Каспиймаңыгеология» ГТБ бірлестіктерінің бас геологы, бас директорының орынбасары (Гурьев, Орал). 1991 жылдан бері – ҚР Білім және ғылым министрлігі Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері. «Мұнайшы» ҚҚ мүшесі (2004). «Мұнайшы» ҚҚ редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982). Еңбек Қызыл Ту (1980), «Парасат» (1999) ордендерімен, әр түрлі медальдармен (1968-1981) марапатталған.

65 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Жұрғалиқызы ЕРТІЛЕСОВА дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, экономист (1978).

Еңбек жолы: ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗЭИ экономисі (1978); ҚазССР мемлекеттік жоспар жанындағы ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі (1986-1991); ҚР экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті жанындағы экономика және нарық қатынастары ҒЗИ бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары (1991-1993); Қаржы-несие саясаты басқармасының бастығы, ҚР Экономика министрлігі министрінің орынбасары (1993-1995); ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, (1995; 1997-1999); ҚР Қаржы министрлігінің вице-министрі, бірінші вице-министр (1997-1999); «Қазақтелеком» ААҚ экономика мәселелері жөніндегі бас директоры, вице-президенті (1999-2000); ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары (2000-2001); ҚР Қорғаныс министрінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары (2001); «Сана-консалтинг» ЖШС-ның бас директоры (2001-2003); ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары (2003-2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры (2004-2007); «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (2007); ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары (2013-2015); «Эксперт Казахстан» журналының директоры (2015 жылдан бастап).

57 жыл бұрын (1964) Қызылорда облыстық сотының судьясы Мұхтар Жүсіпбекұлы ЕРКІНБЕКОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын бітірген (1991).

Бұл қызметке келгенге дейін Жаңақорған ауданының Бірлік кеңшарында жұмысшы, Қызылорда қалалық прокуратурасында стажер тергеуші, тергеуші, қалалық табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратурада аға тергеуші, одан кейін тергеу бөлімінің прокуроры, МТК-нің Шиелі аудандық бөлімінің бастығы, осы мекеменің облыстық департаментінде бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары болды. Қызылорда қалалық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық қаржы полициясы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының соттар әкімшісі, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қызылорда облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы, Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі Данияр Еренғалиұлы ЖАНАЛИНОВ дүниеге келді.

Алматы облысыда туған. 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары – Талдықорған қаласы және Алматы облысы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы. 2002-2003 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы. 2003-2008 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы. 2008 жылдың қаңтар-шілде айларында Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2012 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметтері басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы. 2014 жылдың қазан-қараша айларында – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018-2021 жылдары – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Қазіргі қызметінде 2021 жылдың тамыз айынан бастап.


Соңғы жаңалықтар