21 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 қазан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Сенат отырысы палатаның www.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-де «Hilton Astana» қонақ үйінде Astana Mining & Metallurgy конгресі аясында тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы ұйымдастыратын көмір өнеркәсібінің II форумы өтеді.

10.00-де әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Интеллектуалды дарынды жастар – елордалық білім берудің басты әлеуеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

11.00-де Қазмедиа орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де KazAgro/ KazFarm-2021 халықаралық аграрлық көрмесі аясында «Қазақстан Республикасы өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті» өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы: негізгі бағыттары» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қабаев.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білімді ұлт, сапалы білім беру» ұлттық жобасы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube.com және Facebook.com.

АЛМАТЫ

15.00-де ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археология, этнология және музеология кафедрасының 50 жылдық мерейтойына арналған «Әлемнің мәдени мұра жауһары – Гобустан жартас суреттері» атты халықаралық фото көрмесін өткізеді.


Соңғы жаңалықтар