+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

21 ақпан күні Қазақстанда өтетін шаралар аңдатпасы

2020 жылғы 20 ақпан 20:40
Бөлісіңіз:
21 ақпан күні Қазақстанда өтетін шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 21 ақпан күні Қазақстанда болатын шаралар тізімін ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының конференц-залында «Аңшылық шаруашылығының қазіргі жағдайы және оның 2020-2025 жылдарға арналған даму перспективалары туралы» дөңгелек үстел өтеді.

10:00-де ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Еріктілер жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласында жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуға бағытталған «Jas Sarbaz - meıіrіmdіlіk bіrіktіredі» жобасының ашылу салтанаты өтеді.

10.00-де қалалық сот ғимаратында ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған конференция өтеді.

10.00-де Сенатта өңірлер күндері аясында Қызылорда облысының күні өтеді.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2019 жылғы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру қорытындылары және 2020 жылға арналған жоспарлар туралы баспасөз конференциясы өтеді.

14.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Әлемдік экскурсия жүргізушілер күніне арналған «Жұлдызды гид» жобасы ұйымдастырылады.

14.00-де Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде шет тілдерінде (ағылшын, француз және неміс) «Студент және ғылым: болашақтың көзқарасы» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

14.00-де, Radisson Hotel Astana қонақ үйінде «Ұлттық тәуелсіз сараптама орталығының» Жоғары алқалық кеңесі өтеді.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» атты үш томдық кітабының тұсаукесері өтеді.

15.00-де Nur Otan партиясының елордалық филиалы «Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы» бастауыш партия ұйымымен бірлесіп алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізеді.

15.00-де ҚР Әділет вице – министрі Пан Натальяның төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

15.00-де Сенатта Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019 - 2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға арналған Үкімет сағаты болады.

17.00-де елордалық Достық үйінде «Рухани жаңғыру» және Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Радима» беларусь этномәдени орталығы Нұр-Сұлтан Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Абай және көптілділік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Novotel Almaty City Center-де «Жасөспірімдердің геологиялық зерттеуі» тақырыбында Mining Club отырысы өтеді. Іс-шараға 80-ден астам кіші және сервис компаниялары, тау-кен өндірісі кәсіпорындарының басшылары мен мамандары, Қазақстанның тиісті департаменттерінің өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысады.

11.00-де Қазақстандық баспасөз клубында «Алматыдағы экологиялық жағдай және адам құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараға қоғамның, денсаулық сақтау департаментінің, мамандандырылған қызметтердің және сарапшылар қауымдастығының өкілдері шақырылады.

14.30-да Алматыдағы Азаматтық орталықтың мәжіліс залында Алматы қаласы №1 Қоғамдық кеңесі «Экономика және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша» комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT