2025 жылы ел халқы 100 пайыз сумен жабдықтауға қол жеткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы ел халқы 100 пайыз сумен жабдықтауға қол жеткізеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың қолайлы өмір сүруі үшін сапалы ауыз суға қолжетімділікті арттыру шаралары да қабылдануда. Бүгінгі таңда 6,9 млн адам тұратын 4 мыңға жуық ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған. Халық саны 200-ден кем 403 ауылда су тазартудың оқшау жүйелері орнатылды. 1922 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және су тазартудың оқшау жүйелерімен қамту жоспарланып отыр», - деді ол.

Министрдің айтуынша, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялауға республикалық бюджеттен шамамен 400 млрд теңге бөлу көзделген.

«Бұл іс-шаралардың барлығы 2025 жылы ел халқын 100 пайыз сумен жабдықтауға мүмкіндік береді. Биыл республикалық бюджеттен 242 жобаны іске асыруға 69,2 млрд теңге көзделген. Ол 2021 жылдың қорытындысында ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 91,8 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар