2025 жылға таман 41 трлн теңге инвестиция тарту бойынша жобалар пулы жасақталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінде 2025 жылға таман 41 трлн теңге инвестиция тарту бойынша жобалар пулы жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсім қарқынын күшейту үшін инвестиция тартуда жұмыс белсенділігі артып келеді. Біздің мақсатымыз 2025 жылға жақын негізгі капиталға салынатын инвестицияның көлемін жалпы ішкі өнімнің 30%-на жеткізу. 5 жылда 24 млрд доллар көлеміндегі сыртқы тікелей инвестиция көлемін 34 млрд долларға арттыру көзделген. Бүгінде Үкіметте 2025 жылға дейін 41 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік беретін жобалар пулы жасақталды», - деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, қаражат бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібіне, отын-энергетика, ауыл шаруашылығы кешенін және көлік пен логистика саласын дамытуға бағытталады.

Соңғы жаңалықтар