2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауыты пайдалануға беріледі. Бұл нысандарды салу ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы аясында қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰЭМ мәліметінше, жобаның «Мұнай-газ химиясы кешенін дамыту» бағыты бойынша сыртқы сұранысты қанағаттандыру үшін ірі жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы өндірістері енгізіледі.

Атап айтқанда, 2025 жылға қарай 5 мұнай-газ химия зауытын пайдалануға беріледі. Олар: полипропилен өндірісі; бензин мен полипропиленге арналған қоспа өндірісі; метанол өндірісі; полиэтилентерефталат өндірісі; Қашаған кен орны шикізаты базасындағы газ өңдеу зауыты.

«Нәтижесінде мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 360 мыңнан 2 млн тоннаға дейін 5 есеге ұлғаяды. Сондай-ақ экспорт 9 есеге (0,15-тен 1,4 млрд.АҚШ долл) өседі», - деп атап өтеді министрліктен.

Айта кетейік, ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы бекітілген болатын. Жоба 5 бағыттан тұрады және 6 негізгі міндет пен 13 көрсеткіш айқындалған.



Соңғы жаңалықтар