2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 500-ге жуық индустриялық жоба іске қосылады. Осы өндірістерге қажет кадрларды даярлау ісімен Үкімет қазір айналысуы тиіс «Алтын сапа» конкурсының жеңімпаздарын құттықтаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төртінші. Өнеркәсіпте білікті мамандардың жетіспеушілігі индустрияландыруды тежеуші факторлардың бірі болып табылады. 2025 жылға қарай біз 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосуға ниеттіміз. Үкімет қазірдің өзінде осы өндірістер үшін білікті кадрлар даярлауды бастауы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Оның пайымынша, бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау шараларын көрсетіп отыр.

«Жас мамандарды жұмыс орнында оқыту, жас буынмен келісімшарттар жасау және «алғашқы жұмыс орны» деп аталатын көмек құралдары іске асырылуда. Мемлекет тиісті субсидияларды қарастырып отыр. Бірақ ол да жеткіліксіз. Үкімет «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қызметкерлерді ынталандырудың және жұмыспен қамтудың, олардың біліктілігін арттырудың қосымша шараларын әзірлеуі керек», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар