Валюта бағамдары:
    usd/kzt 460.95 eur/kzt 487.18

    rub/kzt 8.66 cny/kzt 68.91
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

2023 жылы елорда мен Алматыда ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника ашылады

2022 жылғы 18 мамыр 12:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылы елорда мен Алматыда ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 ғылыми-инновациялық көпбейінді клиника салынып жатыр. Келесі жылдың басында қызмет көрсетуге беріледі. Бұл орталықтар JCI талаптарын ескере отырып, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес болады», - деді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол Президент мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, 20 аурухана салуға қатысты да тапсырма бергенін атап өтті.

«Осы тапсырма қайта қаралып, 8 жобаға дейін оңтайландырылды, 5 университеттік аурухана, 3 көпбейінді аурухана салу жоспарланып отыр», - деді министр.

Осыған дейін Биыл 20 ауылда амбулаториялық-емханалық ұйым ашылатынын хабарлаған едік.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар