2021 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі 2,8 пайыз деңгейінде болжанды - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі елдің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жайында баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болжам келесі факторларды ескере отырып жасалған:

Біріншіден, 2019 жылғы жалпы ішкі өнім бойынша есептік статистикалық деректер және биылғы қаңтар-шілдедегі экономиканың даму қорытындылары;

Екіншіден, әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының жаңартылған болжамдары. Коронавирус пандемиясы аясында 2020 жылы әлемдік экономика 5 пайызға төмендеп, 2021 жылы 4,9 пайызға дейін өседі деп күтілуде;

Үшіншіден, әлемдік тауар нарықтарындағы үрдістер. Халықаралық қаржы ұйымдарының мұнай бағасы бойынша консенсус бағалауы - 2021 жылы бір барреліне 45 және 2022 жылы 55 доллар.

«Консервативті тәсілді ескере отырып, бюджеттік жоспарлау үшін негіз ретінде базалық сценарий пайдаланылды. Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі 4 пайызды құрайды. Базалық сценарийде жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2021 жылы 2,8 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2025 жылы ол 4,6 пайызға жетеді. Номиналды жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы – 104,8 трлн теңгені құрайды», - деді Р. Дәленов.


Соңғы жаңалықтар