2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады – Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 480 ауыл жаңғыртылады. 106 млрд теңгеге 1 140 жоба іске асырылады», - деді Премьер-Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Асқар Маминнің атап өтуінше, жобалардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бейнебайланыс режимінде өтіп жатқан отырыста Министрлер кабинетінің барлық мүшелері, облыстардың, республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері қатысуда. Жиын барысында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланбақ. Сондай-ақ Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар