2021 жылдың 1-жартыжылдығында ЖІӨ 2,2 пайызға өсті - Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-жартыжылдығында жалпы ішкі өнім 2,2 пайызға өсті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дер кезінде қабылданған іс-шаралардың арқасында биыл сәуір айында экономиканың өсу қарқыны былтырдың наурыз айынан бері тұңғыш рет нәтиже беріп, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 2,2 пайызға дейін жеделдеді. Нақты сектор жалпы ішкі өнім өсімінің драйвері болып қала береді. Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ол 2,9 пайызға өсті. Шектеулердің сақталып отырғанына қарамастан қызметтер көрсету секторы ішкі сұраныстың біртіндеп қалпына келуіне байланысты 1,4 пайызға артты. Инвестиция тартудың нысаналы бағыттарының өзгеруі кен өндірмейтін салалардағы инвестициялық белсенділіктің жоғары белсенділігін қамтамасыз етуде. Нәтижесінде негізгі капиталға инвестиция 23,9 пайызға өсті», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысының айтуынша, халықтың нақты кірісі инфляцияны шегергенде қаңтар-мамырда 1,7 пайызға ұлғайды. Жылдық инфляция 7,9 пайызды құрады.

«Инфляцияны жеделдеткен негізгі фактор азық-түлік тауарлары бағасының өсуі болды», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар