+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

2021 жылдың 1-тоқсанында барлық өңірде кірістер жоспары артығымен орындалды

2021 жылғы 12 сәуір 11:40
Бөлісіңіз:
2021 жылдың 1-тоқсанында барлық өңірде кірістер жоспары артығымен орындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1- тоқсанында мемлекеттік бюджетке 2 трлн 219 млрд теңге сомасында кірістер түсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан экономикасын қалпына келтіру үшін қандай шаралар жасалды Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтық механизмдерге жол беруі керек – Тоқаев Экономика өсімін қамтамасыз ету үшін билік қандай шараларды қолға алуы тиіс

«Мемлекеттік бюджетке 2 трлн 219 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 111,4 пайызға атқарылды. Республикалық бюджетке 1 трлн 351 млрд теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 101,2 пайызға орындалды. Жалпы кірістер бойынша жоспар 16 млрд теңгеге артығымен орындалды. Оның ішінде салықтар 5 млрд теңгеге атқарылмады, салықтық емес түсімдер 20 млрд теңгеге артық түсті», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, салықтар бойынша негізгі атқарылмау сомасы іште өндірілген тауарларға салынатын қосылған құн салығына және корпоративтік табыс салығына тиесілі. Іште өндірілген тауарларға салынатын қосылған құн салығы бойынша жоспардың атқарылмауына өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 2,2 есеге немесе 232,6 млрд теңгеге өсуі, «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 2 пайызға немесе 525 млрд теңгеге азаюы себеп болды.

«Корпоративтік табыс салығы бойынша жоспардың орындалмауы 2021 жылғы 1-тоқсанда 753 ірі салық төлеуші бойынша мәлімделген аванстық төлемдер сомасының өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38 пайызға немесе 86 млрд теңгеге азаюына байланысты. Сонымен бірге, жоспар импортқа салынатын қосылған құн салығы, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы бойынша артығымен орындалды. Жоспардың асыра орындалуы өткен жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда үшінші елдермен импорт көлемінің 9,4 пайызға ұлғаюына байланысты болды», - деді министр.

Ерұлан Жамаубаев пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша жоспардың асыра орындалуына 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2020 жылғы 4 тоқсандағы негізгі экспорттық позицияларға бағаның орташа 11,2 пайызға ұлғаюы әсер еткенін айтады.

«Шикі мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы бойынша негізгі асыра орындау экспорттық кеден бажы мөлшерлемесінің ұлғаюымен байланысты. Жергілікті бюджеттердің кірістері 132,1 пайызға атқарылды және 868 млрд теңгені құрады. Жоспар 211 млрд теңгеге, оның ішінде салықтар бойынша 189 млрд теңгеге асыра орындалды. Барлық өңірде кірістер бойынша жоспар артығымен орындалды», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT