2021 жылдың 1 шілдесінен Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 1 шілдесінен Әкімшілік әділет кодексі қолданысқа енгізіледі. Бұл туралы ҚР судьяларының VIII съезінде Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік органдар жауапкершілік алғысы келмейді. Сотқа сілтейді. Өз актілерін өзгертуге қорқады. «Сотқа барып, оның шешімін алып келіңіздер» дейді. Әкімшілік әділет туралы кодекске үлкен үміт артып отырмыз. Ол 2021 жылдың 1 шілдесінен қолданысқа енгізіледі. Әкімшілік әділет енгізілген елдерде мемлекеттік органдардың тәртібі мен жауапкершілігі күрт артқан», - деді Жақып Асанов.

Оның атап өтуінше, адалдыққа шақыру кейде нәтижелі бола бермейді. Сондықтан да қатаң әдістерді қолға алуға тура келеді.

«Қауіпсіздік қызметін ҰҚК мамандарымен күшейттік. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жұмыс жолға қойылды. Нәтижесінде 2018 жылдан бері 28 судья қылмыстық қудалау субъектісі болды. Бұл осыған дейінгі 8 жылды қоса алғаннан да көп. Олардың ішінде 14-і сотталды, қалғандары жұмыстан шығарылды немесе іс әлі де сотта қаралып жатыр», - деді Жоғарғы сот төрағасы.


Соңғы жаңалықтар