2021 жылдан бастап «Тәлім тв» өз жұмысын бастайды – Мұхаметжан Тазабеков

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауы кесіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Asyl arna» телеарнасының бас директоры Мұхаметжан Тазабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Брифинг барысында Мұхаметжан Тазабеков «Асыл арнаның» жұмысы ары қарай қалай жалғасатынын айтты.

«Біз «Асыл арнаның» көрермендерін жетімсіретіп қалдыра алмаймыз, сол себепті «Тәлім ТВ» деген жаңа телеарнаның тұсауы кесіледі. 2021 жылдан бастап «Тәлім тв» өз жұмысын бастайды. «Асыл арнаның» діни контенттерінің барлығы «Халын арнасына» өтіп, «Асыл арнаның» орнына «Тәлім тв» дейтін жаңа арна ашылады», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Халық арнасы» ашылып, « Асыл арна « телеарнасы жабылатыны туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар