2020 жылы Ұлттық банк қандай валюталық саясатты жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Валюталық саясат саласында Ұлттық банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін сақтайды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Валюталық саясат саласында Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін сақтайды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, жүргізіліп отырған саясаттың айқындылығын және оған деген сенімді арттыру үшін 2020 жылы Ұлттық банк Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің және активтерді валюта нарығында жүргізген конвертациялау көлемін тұрақты негізде жариялайтын болады», - деді Е. Досаев Мемлекет басшысына.

Оның сөзіне қарағанда, валюта нарығындағы теңгерімсіздік мәселесін шешу үшін Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП-тың 2019 жылғы игеру нәтижесін және қарқынын ескере отырып, экспортты одан әрі әртараптандыру және импортты алмастыру бойынша бірлескен сәтті жұмысы маңызды болып саналады.

«Елбасы бастамашылық еткен «қарапайым заттар экономикасы» және «7-20-25» бағдарламаларын іске асыру жұмысын күшейту қажет. Ұлттық банк өз тарапынан қолдауды қажетті көлемде көрсете бермек», - деп түйді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар