2020 жылы судья лауазымына үміткерлер саны 39% артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы судьялар қатарына салықтық саясат, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік және корпоративтік құқық саласындағы білікті мамандарды тарту туралы, сонымен қатар судьяларды іріктеу тәртібінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырған.

Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесіне біліктілігі жоғары заңгерлерді тарту үшін тұрақты әрі жүйелі жұмысты ұйымдастыруды бұған дейін де қолға алған болатын.

2019 жылы заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, облыстық сот судьясы лауазымына сырттан тағайындалу мүмкіндігі пайда болды. Демек, тәжірибелі заңгер аудандық сатыдан өтпей, бірден облыстық сот судьясы атана алатын болды.

Бұдан бөлек, 2019 жылдан бері сот жүйесінің, прокуратура мен адвокатура қызметкерлеріне берілген артықшылықтар заң жүзінде күшін жойды. Сонымен қатар судья лауазымына үміткерлерге қойылатын заңгерлік еңбек өтіліне қатысты талаптар 10 жылдан 5 жылға дейін қысқартылды.

Нәтижесінде 2019-2020 жылдары судья лауазымына сырттан келген 112 маман ұсынылды. Оның ішінде 6 – адвокаттар (5,3%), 2 – нотариус (1,7%), 11 – құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері (9,8%), 74 – сот жүйесінің өкілдері (66,3%), 15 – квазимемлекеттік және жеке меншік сектор заңгерлері (13,3%), 4 – мемлекеттік органдардың қызметкерлері (3,6%).

- Адвокаттар

- Нотариустар

- Құқық қорғау және арнайы органдар

- Сот жүйесінің өкілдері

- Квазимемлекеттік және жеке меншік сектор заңгерлері

- Мемлекеттік органдардың қызметкерлері

Біліктілігі жоғары заңгерлердің судья лауазымына деген қызығушылығын арттыру үшін болашақ судьяларға міндеттелетін тәжірибелік кезең мерзімі қысқартылды.

Бұған дейін барлық талапкерлер міндетті түрде біржылдық тәжірибелік кезеңнен өтуі тиіс еді. Жаңа тәртіп бойынша оның мерзімі үш айдан басталады (заңгерлік еңбек өтіліне байланысты тағайындалады).

Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған тұлғаларға тағы бір мүмкіндік беру шарттары да жеңілдеді. Олар үшін

    емтиханды қайта тапсыру мерзімі бір жылдан 6 айға дейін қысқартылды
.

Қабылданған шаралардың арқасында 2019-шы жылы судья лауазымдарына ұсынылған адвокаттар мен мемлекеттікемес сектор заңгерлерінің саны 2018-ші жылмен салыстырғанда 3 есеге артты (6 дан 18 дейін).

Жалпы, конкурстарға қатысушылар саны да 39%-ға арта түсті. 2017-2018 жылдары 335 болса, 2020 жылы 460 адам құжат тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында судьяларды іріктеу тәртібі одан әрі жетілдірілетін болады. Басты мақсат – сот жүйесіне біліктілігі жоғары, кәсіби мамандарды тарту мүмкіндіктерін кеңейту.

Бүгінгі таңда салықтық саясат, жер қойнауын пайдалану, зияткерлік меншік және корпоративтік құқық салаларындағы мамандарда әрбір соттың қажеттіліктерін анықтау мақсатында жұмыс жүргізілуде.

Бұған қоса, талапкерлерді іріктеу тәртібін жетілдірумен қатар

    судья лауазымына үміткерлерді ынталандыру үшін әлеуметтік және басқа да шараларды қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Ә
сіресе, төменгі деңгейлі және қаралатын істер саны бойынша аса зор салмақ түсетін, істердің аса күрделі санаты қаралатын соттарда. Мұндай шаралар жемқорлық тәуекелдерін азайтып, судьялардың сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіне оң ықпалын тигізуге тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында да айтылған.

***

«Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес судья лауазымына үміткерлерді таңдау барысында Кеңес

    әрбір талапкердің тұлғасына қатысты азаматтық қоғам, заңгерлер мен судьялар қоғамдастығының пікірлерін жан-жақты зерделейді
.

Азаматтық қоғам мен заңгерлердің пікірлерін зерттеу үшін келесідей механизмдер пайдаланылады:

1) Конкурсқа қатысатын үміткерлер құрамына заңгерлер қоғамдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кіретін

    Соттармен қарым-қатынас Кеңестерінің оң шешімін алуы тиіс
.

Аталған Кеңестердің құрамына кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар, кәсіпкерлердің одақтары мен қауымдастықтарының өкілдері және танымал қоғам қайраткерлері кіруі мүмкін.

2019-2020 жылдары Соттармен қарым-қатынас Кеңестері 1600-ден астам талапкерге қатысты өз ұстанымдарын блдірді.

2) Кеңестің сайтында судья лауазымдарына өткізілетін конкурстарға қатысушылардың тізімдері міндетті түрде жарияланады. Яғни, қоғам үшін

    кім конкурсқа жіберілді, қандай баға алды, соның бәрі ашық
. Сайт пайдаланушылары әрбір үміткер туралы өз ұстанымын білдіре алады.

    2019-2020 жылдар аралығында үміткерлерге қатысты азаматтар 1800-ден астам пікір білдірген.

    Бұдан бөлек, судья лауазымдарына үміткерлер туралы

      қоғам пікірі әлеуметтік желілер мен БАҚ-ғы жарияланымдарға мониторинг жасау арқылы
    зерттеледі.

    Құқық қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлеріне қатысты

      тиісті органдардың ішкі қауіпсіздік қызметі арқылы және ведомстволық есеп пен мәліметтер жиынтығы арқылы
    қосымша тексерулер жүргізіледі.

    3) Кеңес

      қызмет атқарып жүрген судьяның жоғары лауазымға конкурсқа қатысқан кезінде шешім қабылдамас бұрын олардың үстінен түскен азаматтардың арыз-шағымдарын
    да егжей-тегжейлі қарастырады.

    4) Адвокаттар қоғамдастығының пікірін білу үшін конкурсқа қатысып жатқан тұлғалардың тізімдері

      адвокаттар алқасына жолданады
    .

    Бұдан бөлек, Заң талабына сәйкес, судья лауазымына конкурстық іріктеудің ашық әрі жария түрде өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында Жоғары Сот Кеңесі жұмыс органдарының құрамына

      заңгерлер қоғамдастығының және
      HR-менеджмент өкілдері шақырылған.

    Судьялар қоғамдастығының пікірі келесідей құралдардың көмегімен зерттеледі:

    1) конкурсқа қатысатын үміткерлер

      облыстық соттардың пленарлық отырыстарында
    сот органдарымен қарастырылады.

    2019-2020 жылдары соттардық пленарлық отырыстары 1600-ден астам адамға қатысты өз пікірін блдірді;

    2) конкурстарға қызмет атқарып жүрген судья қатысатын болса,

      онымен күн сайын қарым-қатынаста болатын әріптестерінен жасырын түрде пікір
    алынады.

    2019-2020 жылдары Жоғарғы Сот судьясы лауазымына конкурстық іріктеу жүргізілген кезде 500-ден астам үміткердің әріптестерінен жасырын пікір алынған.

    Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін оның әрбір кезеңінің нәтижелері Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында жарияланады. Атап айтсақ:

    - Конкурстың жариялануы туралы хабарлама;

    - Конкурсқа қатысуға рұқсат алған тұлғалар тізімі;

    - Соттармен қарым-қатынас Кеңестері мен облыстық соттардың пленарлық отырыстарының өткізілу кестесі;

    - Соттармен қарым-қатынас Кеңестері мен облыстық соттардың пленарлық отырыстарының шешімдері туралы мәліметтер;

    - Бос судья лауазымдарына Кеңес ұсынатын тұлғалар тізімі;

    - Әрбір бос орынға үміткерлер саны туралы ақпарат;

    Яғни, жан-жақты ақпарат жария етіледі. Осындай ашықтықтың арқасында судьяларды іріктеудің объективтілігі қамтамасыз етіледі.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде судьяларды іріктеу жұмыстарын БАҚ-а жариялау жүйелі түрде күшейтілетін болады.


    Соңғы жаңалықтар