2020 жылы Нұр-Сұлтанда баспана салу көлемі 3 есе артады – әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылы бас қалада қолжетімді баспананың көлемі 3 есеге дейін артады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жыл сайын 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Оның 80 пайызы жеке инвестиция есебінен тұрғызылуда. Демек, елімізде бизнес дұрыс жолға қойылған, инвестиция тарту жұмысы қарқынды жүріп жатыр деген сөз. Әрине, мемлекет те әлеуметтік қолдау мен қорғауды ұмытпайды. Мысалы бүгінгі баспаналы болып отырған жандардың арасында барлық әлеуметтік сала өкілдері бар. Оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, асыраушысыз қалған балалар мен жасөспірімдер, мүгедек жандар және тағы басқалар. Бір жағынан, бәрі бірден бола салмайды, ол үшін уақыт керек. Себебі елорданың халқы жыл санап артып келеді. Халық саны артқан сайын, әрине, баспанаға, балабақшаға, мектеп пен ауруханаға сұраныс арта түседі. Әрине, оның бәрімен аз уақыттың ішінде толық қамту мүмкін емес. Келесі жылдан бастап ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елордада қолжетімді баспана салу көлемін 3 есе арттырамыз», - деді А. Көлгінов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін қала әкімі елордалық 419 отбасыға пәтер кілттерін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар