2020 жылы мемлекет мүддесі шамамен 2,1 млрд АҚШ долларына қорғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы мемлекет мүддесі шамамен 2,1 млрд АҚШ долларына қорғалды. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есеп беру кезеңінде, 25 талқылауларда мемлекет мүддесін қорғау бойынша жұмыстар жүргізілді, оның ішінде 15 – халықаралық төреліктерде. Жыл басына белгіленген бірқатар тыңдау белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Дегенмен, ҚР маңызды бірнеше сот тыңдаулары Әділет министрлігінің өтініші бойынша қашықтықтан онлайн форматта өткізілді. Осыған байланысты 2020 жылғы наурыз айында тарихи оқиға болды – Англияның Жоғарғы сотындағы ҚР және Ұлттық банкінің Статиге қарсы ісі, Англия сот жүйесінің 900 жылдық тарихындағы онлайн форматта жүргізілген және YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілген алғаш сот талқылауы болды», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, жалпы алғанда, 2020 жылы мемлекет мүддесі шамамен 2,1 млрд АҚШ долларына қорғалған. Мәселен, өткен жылы Трибунал 2016 жылы канадалық Gold Pool компаниясының талап арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды және 917 млн АҚШ доллары мөлшерінде талап-арызды қабылдамады. 2020 жылдың қараша айында ағылшын соты ҚР апелляциялық талаптарын қанағаттандырып, Уорлд Уайд Минералс канадалық компанияның талабы бойынша төрелік трибуналдың бұрын шығарған шешімін жойды. Сондай-ақ, сот ҚР-на жарты миллион АҚШ долларына өтем берді. Олар 2021 жылдың 12 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының Қазынашылық департаментінің шотына келіп түсті. Бұдан басқа, өткен жылы Әділет министрлігіі Ұлттық қор мен Самұрық-Қазынаның активтерін заңсыз қамауға алумен байланысты Стати ісі бойынша Республика үшін маңызды шешімдер шығаруға қол жеткізді.

«2020 жылғы 22 сәуірде ағылшын соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарып, Ұлттық қордың активтері Статидің талабы бойынша тыйым салынбайды деп қаулы етті. Сонымен қатар, сот Статиге Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасына 3,7 млн АҚШ долларынан астам мөлшеріндегі сот шығындарын төлеуге міндеттеді. Қазіргі уақытта Нидерландыда, Швецияда, Люксембургте, Бельгияда және Ұлыбританияда орындау процесстері алынып тасталды және тоқтатылды», - деді Алмат Мадалиев.


Соңғы жаңалықтар