2020 жылы ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есеге артады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада АХҚО Бюросы алаңында зерттеушілер әлеміндегі маңызды халықаралық шаралардың бірі – ІІ Science Forum: Reseafch Impact атты ғылыми форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум барысында халықаралық жоғары рейтингілі ғылыми журналдарда жетістіктерін жариялайтын көрнекті қазақстандық ғалымдар «Scopus award – 2019» жалпыұлттық сыйлығын алды.

«Ғалымдар мемлекет тарапынан марапатталып жатса – бір басқа, ал мынадай марапаттау – бір басқа, себебі бұл марапат дүниежүзіндегі әріптестеріңіздің алдында танылу дегенді білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы және Үкімет ғылым саласын дамытуға үлкен маңыз беріп отыр. Келесі жылы ғылым саласын қаржыландыру көлемі екі есе артады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов марапаттау рәсімінде.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда елімізде жазылған ғылыми жұмыстар саны 2,5 есеге ұлғайған.

«Scopus, Elsevier базаларына 100 мың ғалым кіріп, қажетті ақпараттарды алуда. Бұл – ғылымды дамыту үшін өте маңызды. Біз мамандарды, ғылыми қызметкерлерді дайындау туралы айтқан кезде білім беру бағдарламаларына: магистратура, доктарантураға, доктарантурадан кейінгі институттарды дамытуға үлкен көңіл бөлеміз. Өткен жылы маңызды заң қабылданды. Онда нені оқыту керек, қанша көлемде оқу керектігін бұдан былай Білім және ғылым министрлігі емес, ЖОО-лардың өздері анықтайды. Бұл еліміздегі ғылымның дамуы үшін маңызды нәрсе деп ойлаймын. Соңғы екі жылда ғылыми жұмыстар саны 2,5 есе ұлғайды. Бұған жоғарыда аталған мәліметтер базасына тіркелу де әсер етті», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар