2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы қаңтардан желтоқсанға дейін 649 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушысы болды.
437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы – тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 210 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 19,3 мың, жастар практикасына – 34,4 мың, қоғамдық жұмыстарға – 156,3 мың адам орналасты.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін 2020 жылдың қорытындысы бойынша 5,8 мың адам жұмыс күші мол өңірлерден қоныс аударды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит берілді, оның ішінде 11,2 мың микрокредит ауыл тұрғындарына берілді. Микрокредит алушылар қосымша 13,7 мың жұмыс орнын ашты.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 44,9 мың мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.
Бұдан басқа, 33,2 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өтті.
- Атырауда арнайы мектеп-интернатта екі жаңа аудиокласс пайда болды
- СҚО-да 7 мыңнан астам адам мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмек алады
- Электрондық еңбек биржасы жаңартылған форматта жұмыс істей бастады
- Еңбек мигранттары үшін әлемдегі ең тартымды ел анықталды
-
Жамбыл облысында 77 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларына тартылды
-
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам