2020 жылы елордада 627 өрт болып, 22 адам қаза тапты - әкімдік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы елордада өрт салдарынан 22 адам қаза тапты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі өткізген брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 627 өрт болды. Соның салдарынан 22 адам қаза тапты. Өрттің шығыны 35 миллион теңге болды. Өрттің 50%-ы жеке тұрғын үйлерде болады. Басты себебі – пеш жағу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және электр сымының дұрыс болмауынан»- дейді Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Кейінгі жылдармен салыстырып қарайтын болсақ, өрт шығу жағдайлары 4% азайған. Жеке тұрғын үйлерде де профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, жадынама мен нұсқаулық таратылуда», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар