2020 жылы ауыл шаруашылығы саласы 5,6 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы ауыл шаруашылығы саласы 5,6 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы ауыл шаруашылығы 5,6 пайыздық өсіммен оң аймаққа шықты. Бұл азық-түлікпен қаматамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік берді. Өсімдік шаруашылығы 7,8, мал шаруашылығы 3 пайыз өсті», - деді ол.

Министрдің дерегінше, 13 өңірде ауыл шаруашылығы өсімінің оң серпін байқалады.

«Жоғары өсімді Қостанай және Ақмола облыстары көрсетті. Бұл ретте, төмендеу Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар