2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы Алматының шетіндегі 120 шақырым жолдың құрылысы басталады. ОКҚ-да өтіп жатқан брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Алматы әкімдігінің алдында тұрған қысқа мерзімді міндет – жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 75 пайызға дейін жеткізу. Осы мақсатта бүгінгі күні 231 көшедегі 54 шақырым жолдың құрылысы аяқталған.

«Ұзындығы 135 шақырым болатын 147 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы Алматының шетінде тағы 120 шақырым жолдың құрылысы басталады», — деп нақтылады Бақытжан Сағынтаев.

Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі - қоғамдық көліктің жұмысы. Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру – алматылықтардың өмір сүру деңгейін жақсартудағы басты міндеттің бірі. Осыған орай қала әкімі оңтүстік астанадағы қоғамдық көлік санын арттырылатынын айтып берді.

«Коммерциялық құрылымдар 172 автобус сатып алды. Қала бюджеті есебінен газбен жүретін тағы 260 автобус алынды», — деді қала әкімі.

Бақытжан Сағынтаев қалада барлық троллейбус желісін модернизациялау басталғанын айтады. Әкімдік қоғамдық көліктің экологиялық таза түріне көшуге жіті назар аударатын болады. Мысалы, көлік аса қажет бағыттарға 10 электробус шығарылған.

Соңғы жаңалықтар