2020 жылы «Ақсай» және «Аюсай» шатқалдарына бөгет салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2020 жылы Алматы тауларындағы «Ақсай» және «Аюсай» шатқалдарына бөгет салу жұмыстары қолға алынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Алматыда 4 дамба бар. Бүгінгі күні селге ең осал жер - Алматы Үлкен өзені бассейнінің «Аюсай» шатқалы болып отыр. Соңғы 20 жыл ішінде ол жақта көптеген ойын-сауық орындары салынды. Соның салдарынан Ақсай өзенінің бассейні селге төтеп бере алмайды.

«Қазселденқорғау» мекемесі құрылысты келесі жылы бастайды, - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров.

Бөгеттің сметалық жобасын әзірлеу 2016 жылы басталды. Алматы маңында 37 морена көлі бар, олардың 15-і қауіпті, биыл 7 көл ең қауіптілердің қатарына енді. Жаз және күз айларында олардан суды босату жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар