2020 жылы 916 млрд теңге сомаға 201 жоба іске асырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 916 млрд теңге сомаға 201 жоба іске асырылды. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығында ЕАЭО елдері арасында ең жоғары өсім, сондай-ақ соңғы 7 жылдағы ең жоғары көрсеткіш байқалды. 2020 жылы ОПЕК+-пен уағдаластық аясындағы міндеттемелерді орындау салдарынан мұнай өндіру көлемі бір жыл бұрынғы 90,5 млн тоннамен салыстырғанда 85,7 млн тоннаны құрады. Әлемдік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің қалпына келуі нәтижесінде 2020 жылдың соңында мұнай бағасы біртіндеп қалыпқа келе бастады. Ұлттық экономиканы индустрияландыру аясында 2020 жылы 916 млрд теңге сомаға 201 жоба іске асырылды», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдің дерегінше, жобалардың басым бөлігі агроөнеркәсіп кешенінде, металлургияда, құрылыс индустриясында, машина жасауда, химия өнеркәсібінде қосылды.

«Бұл 19 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар