2020 жылы 11,53 млн тонна мұнай өнімдері өңделді - министр Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың 12 айының қорытындысында 11,53 млн тонна мұнай өнімдері өңделді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың 12 айының қорытындысында 11,53 млн тонна мұнай өнімдері өңделді. Автобензин бойынша көрсеткіш 4,48 млн тоннаға жетті. Яғни өткен жылдың жоспары 102,6 пайызға орындалды. Өндірілген дизель отынының көлемі 4,55 млн тонна болды. Бұл есепті жылдың жоспарының 102,2 пайызына тең», - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылы мазут өндіру 108,2 пайызға артып, 2,1 млн тоннаны құрады. Ал әуе отыны бойынша көрсеткіш 438 мың тонна болды. Яғни жоспар тек 93,4 пайызға орындалды. Оған әуе қатынасының азаюы себеп болып отыр.

«Битум өндіру 2020 жылдың қорытындысы бойынша 1,04 млн тоннаға жетті. Яғни есепті жылдың жоспары 105,4 пайызға орындалды. 2021 жылдың битумге жоспары қазіргі таңда Автомобиль жолдары комитетімен пысықталуда. Бүгінгі таңда ішкі нарық елімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Мұнай-газ-химия өнімдеріне тоқталатын болсақ, оның көлемі 359,3 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың 12 айының жоспарынан асып түсіп, 103 пайызды құрады», - деді Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар министр есепті кезеңде 108 млрд кВт сағат электр энергиясы, 19,5 мың тонна уран өндірілгенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар